"Қысқы шаңғы жарысы"

13 ақпанда дене шынықтыру және бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында Шаңғы базасында 6 сынып оқушылары арасында «Қысқы шаңғы жарысы» өткізілді. Барлық қатысушылар арасында 6А сынып командасы 1 орынды иеленді! 2 орында 6Б командасы! 3 орын 6Г командасына бұйырды! Балалар табанды күресте лайықты нәтиже көрсетті. Осы қызықты жарыстың барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз!